Индер ауданында 84 мың иннекциялық шприц тегін таратылды

Қазіргі жағдайда басты ұран болып отырған «Біз біргеміз» акциясының аясында көптеген істер атқарылып жатырғаны аян.

Тіпті өздерінің қолындағы дүниесімен бөлісіп көптің ықыласына бөленіп жүрген атымтай-жомарт азаматтардың қатары да көрінуі көңіл қуантады. Олардың қатарында Махмут Аташұлы Мералиевтың есімін ерекше атап өткенді жөн санап отырмыз. Өйткені ол өзі иелік ететін «Брандо» компаниясынан жарты миллион иннекциялық шприцті тегін таратып беріп өзгелерге үлгі болды. Аталмыш компаниядан бөлінген 84 мың дана иннекциялық шприц ауданға да келіп жетті. Аталмыш көмектер мәдениет үйі, Ш.Уәлиханов, «Көктем» және «Аналайын» бөбекжайлары арқылы көпке тегін берілді. Облыс орталыған жеткізілген көмекті мәдениет үйінің қызметкерлері жастар орталығы жанынан ұйымдастырылған еріктілер тобы мен жоғары да аталған білім беру мекемелерінің қызметкерлері белсенділік танытып бұқараның қолына еркін жетуніе барлық жағдайды жасап-бақты.

6666

Тұрғындарда берілген көмекке ризашылық білдіріп арнайы санитарлық талаптарды сақтай отырып өз кезектерімен алып жатты.

-Бұл жәрдем тұрғындар үшін үлкен демеу ғой. Қиын қыстау кезеңде елмен бірге болып, халықтың жағдайына қарасқан Махмут Аташұлына ризашалығымды білдіргім келеді. Қауым кездесіп отырған бұл қиындықты еңсеру баршамызға үлкен сын екені рас. Азаматтың бұл жомарттығы Алладан қайтсын деймін,-дейді зейнеткер Амантай Қаженов.

Расында да қазіргідей кезде тәні ауырған адамға ем қабылдауға қажетті медициналық құрылғыда қаржыға салса едәуір қалтаға соғары анық. Сондықтанда ауылдағы ағайынның жағдайын түсініп, қолұшын созған мырза жігтке дендерліктер дән риза.

С.КӨШЕК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521