Заманауи денсаулық сақтау жүйесінің өзекті проблемаларының бірі теміртапшылықты анемия.
Мәселені шешудің маңызды әдістерінің бірі тек фортификацияланған ұнды сату болып табылады.
Фортификациялау (байыту) – бидайды ұнтақтау кезінде ұнға премикс деп аталатын витамин-минералды кешеннің аз мөлшерін енгізу процесі жүргізіледі, бұл ұнның сапасы мен тағамдық құндылығын арттырады. Бір тонна ұнға 150 грамм премикс қосылады, яғни, ұн құрамында темір, фолий қышқылы, В1, В2 дәрумендері мен мырыш сияқты пайдалы микроэлементтерден тұратын дәрумендер бар.Бидай ұны фортификациялау үшін бекер таңдалған жоқ. Ұн дәрумендер мен темірдің қарапайым, арзан, қолжетімді түрі. Байытылу процесі ұнның дәмін, түсін өзгертпейді, пісірілім сапасы бұрынғыдай қалады. Фортификацияланған ұнды пайдалану қауіпсіз. Ұнды фортификациялау бидайды ұнтақтау кезіндегі жоғалған дәрумендерді толтырады, сондықтан, бұндай ұнды пайдалану өте пайдалы.
Өздеріңізде және жақындарыңызды теміртапшылықты анемияның алдын алу үшін темірмен және фолий қышқылымен байытылған ұн мен нанды таңдаңыз. Дендеріңіз сау болсын!
Айгүл Сабырқызы,
Атырау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары