Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 307 науқас анықталды.
Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 155 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 55 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда.
Жылыой ауданында - 25 жағдай,
Индер ауданында - 2 науқас анықталған,
Исатай ауданында - 32,
Қызылқоға ауданында - 12,
Құрманғазы ауданында - 9,
Мақат ауданында - 5,
Махамбет ауданында - 13 адам.
Коронавирустық инфекциясы бар 154 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 153 адамда ауру белгілері жоқ. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 137 адам емделді. Қазір 8 635 адам үй жағдайында, модульді ауруханада - 179, екінші облыстық ауруханада – 180 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 62, кардиоорталықта - 98, т/ж ауруханасында - 85 адам ем алуда, облыстық ауруханада - 142, жатақханада - 85, аудандық инфекциялық стационарларда - 339. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 398 науқас емделіп жатыр.
azh.kz