Covid-19: Индер ауданынд бір тәулікте 12 адам тіркелген

Атырау облысында бір тәулікте 300 адам Covid-19 жұқтырған Өңірде аурушаңдық азайып келеді, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 300 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 162 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 48 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда.

Жылыой ауданында 39 науқас, Индер ауданында - 12, Исатайда - 8, Қызылқоға ауданында - 13, Құрманғазы ауданында- 9, Мақат ауданында - 2, Махамбет ауданында - 7 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 89 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 211 адамда ауру белгілері жоқ. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 482 адам емделді. Қазір 8 480 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 176, екінші облыстық ауруханада – 195 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 75, кардиоорталықта - 100, т/ж ауруханасында - 102 адам ем алуда, аудандық инфекциялық стационарларда - 372, облыстық ауруханада - 197, жатақханада - 145, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 437 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT