Бетпердесіз жүрсеңіз, айыппұл салады

Атырауда жабық қоғамдық орындарда бетпердесіз жүргені үшін 36 адамға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынған, деп хабарлайды Atpress.kz.

Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, айыппұл салынғандардың көпшілігі бетперде киіп жүру ережесін дүкен, базар сынды жабық көпшілік орындарда бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған.

30 айлық есептік көрсеткіш дегеніміз 83 340 теңге болғанымен, олардың барлығы да 7 күн ішінде айыппұлды төлеп, аз шығынмен құтылған. Айталық, баршасы да 41 670 теңге төлеген.

Айта кетер жәйт, бұған дейін жауапкершілікке жабық қоғамдық орындарда бетпердесіз жүргені үшін жауапкершілікке тартылса, Атырау облысының бас санитарлық дәрігерінің 12 қазанда шыққан қаулысына сәйкес, енді көшеде де бетпердемен жүру міндеттеледі.

Яғни, енді көшеде де бетпердесіз жүргенде мобильді топтардың назарына ілігіп қалсаңыз, жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеп қалуыңыз әбден ықтимал, дейді департаменттің баспасөз қызметінің өкілі.

Atpress.kz

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика