Аудандағы денсаулық сақтау саласы да ілкімді істерімен ерекшеленіп, халық саулығын жақсарту мақсатында бірқатар шаралар алынуда.
Аудандық аурухана дәрі-дәрмектер қорымен және медициналық құрал-жабдықтармен (ИВЛ, КТ аппараттарымен) толықтай қамтамасыз етілген. Өзекті мәселенің бірі – бұл медицина саласын дәрігерлермен қамту шарасы әлі де түйінді күйінде қалып отыр. Биылғы жылы ауданға 7 дәрігер жаңадан жұмысқа орналасып, мемлекеттік пәтермен қамтамасыз етілді.
"Дендер"-Ақпарат