banner_damu

Атыраулық дәрігер сүт безінің қатерлі ісігін уақытында қалай анықтауға болатынын айтты

Атырау онкологиялық диспансерінің маммолог-дәрігері Азамат Айтуар брифинг барысында сүт безі қатерлі ісігін ерте қалай анықтау керектігі туралы айтып берді,- деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Спикердің айтуынша, аурудың бірқатар белгілері бар, оларды анықтаған кезде мәселенің бар-жоғын анықтау үшін мамандарға жүгіну керек.

- Кеуде қуысының тығыздалуы, оның мөлшері мен пішінінің өзгеруі сүт безі қатерлі ісігінің негізгі белгілері болып табылады. Мұндай жағдайда сіз дереу дәрігермен кеңесуіңіз керек. Әр адам денсаулығын мұқият қадағалап отыруы керек. Денедегі кез – келген өзгеріс дәрігерге баруға себеп болады. Жалпы, 40 жастан кейін әйелдер екі жылда бір рет скринингтен өтуі керек.

Бұған мемлекет тарапынан қаражат бөлінуде, - деді Азамат Айтуар. Атырау облысында сүт безі қатерлі ісігі бойынша 81 науқас есепте тұр. Оның 15-і биыл анықталды.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика