Атырауға жылжымалы ПТР зертханасы берілді

Жобалық қуаты тәулігіне 500 адамнан ПТР сынамасын алатын жылжымалы зертхана Атырау облыстық обаға қарсы күрес стансасына тапсырылды, деп хабарлайды ATPress.kz

Атырау облысындағы обаға қарсы күрес стансасына жылжымалы зертхана автокөлігінің кілтін арнайы тапсыра келген М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының зертхана меңгерушісі Зият Әбдел мұндай мобильді зертхана бактериялық, инфекциялық зерттеулерді жедел анықтауда маңызды екенін атап өтті.

zhylzhymaly

Зият Әбделдің айтуынша, жүк көлігіне орнатылған соңғы үлгідегі автозертхананы аудандарға да апаруға болады. Өйткені, бұл «КамАЗ» автокөлігінің Еуро-5 соңғы үлгісімен жабдықталған. Оның құмды, тау-тасты жолсыз жермен де жүре алатын мүмкіндігі бар. Жылжымалы зертханалар алыс елді мекенде, далада аса қауіпті инфекцияларға, дербес және инфекциялық ауру ошағында медициналық мекеме жанындағы іс-сапарға жіберілген стационарлық сараптама орны ретінде жұмыс істей алады екен.

mashin

- ПТР зертханасы, бактериологиялық, серологиялық, иммуноферменттік талдау жүргізу жиынтығы және көлік ішінде желдету, қорғаныш құралдары санитарлық талаптары сақтала отырып жабдықталған. Онда дәрігер, зертханашылардың қауіпсіз жұмыс жасауы үшін барлық жағдай жасалған, - деді Зият Әбдел.

Айта кетейік, жылжымалы медициналық көлік Денсаулық сақтау министрлігі тапсырысы негізінде дайындалып, зертхана қажеттілігі бар өңірлерге берілуде. Осыған дейін мұндай автозертхана Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысындағы обаға қарсы күрес стансаларына тапсырылған болатын.

ATPress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521