Атырауда облыстық аурухананың медбикесі коронавирустан жазылды

Инфекциялық стационардан медбикемен қоса, 18 жасар жігітте айығып шықты, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.

Бүгін, 23 сәуір күні Атырау облысында коронавирустан тағы екі адам жазылды. Аурудан айыққандардың бірі, облыстық аурухананың 37 жастағы медбикесі және 18 жастағы жергілікті тұрғын. Екеуіне жасалған ем-шарадан соң, тест нәтижесі Covid-19 жоқ екенін көрсетіп, олар инфекциялық стационардан шығарылды.

23 сәуір сағат 13.00-де келтірілген мәліметтерге сәйкес, инфекциялық стационарда - коронавирус жұқтырған 51 науқас, провизорлық стационарда - ЖРВИ белгілері бар 16 адам, карантиндік стационарда - 103 жергілікті тұрғын бар.

Ал, 2843 адам үй карантинінде жатыр.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика