Атырауда 82 жастағы ақсақал қатерлі індеттен сауығып шықты

​ «Қазіргі таңда коронавирустан айыққан ақсақал облыстық кардиологиялық диспансеріне орналастырылды» деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдай режимін қалыптастыру жөніндегі шұғыл штаб.​

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнафис Таңбаеваның айтуынша, 82 жастағы емделуші облыстық кардиологиялық диспансеріне жатқызылды.​

​ «Екі жақты пневмония, яғни, өкпенің қабынуын тудырған коронавирус инфекциясы науқастың жүрек қан тамырларындағы ишемиялық ауруын қоздырып жіберді. Қазіргі таңда науқас кардиостимулятор аппаратына қосылулы» деді Гүлнафис Таңбаева.​ ​

Бүгінгі таңда науқас тиісті ем қабылдап жатыр. Аритмологтар мен кардиологтардың бақылауында.​

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT