Атырау облысында короновирус жұқтырғандар саны 1000-ға жуықтады

Өткен тәулік ішінде өңірде Covid-19 індетінің 15 жаңа жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Жедел штаб.

Қауіпті дертке шалдыққандардың барлығы Теңіз кенішіндегі жұмысшылар.

Инфекция 14 ер адам мен 1 әйелден міндетті скринингтік тексеріс кезінде анықталған. Қазіргі уақытта науқастар инфекциялық стационарға жатқызылды, оларға алгоритмге сәйкес ем жүргізілуде. Сондай-ақ, ауру ошақтары мен байланысушы тұлғалар анықталу үстінде.

Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында КВИ жұқтырғандар саны 959 адамға жетіп отыр.

Ал, жазылып шыққандар саны - 262.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521