Атырау облысында инфекция жұқтырған тағы 3 жағдай анықталды

 Ауру жұқтырғандардың 2 жағдайы Атырау қаласынан тіркелді.

Олардың біреуі вирус жұқтырғандармен тығыз қарым-қатынаста болған, екінші науқас 6 сәуір күні ауыр сырқатпен жедел жәрдем арқылы ауыр халде ауруханаға жатқызылды. Үшінші науқас Алматы қаласынан қызмет бабына байланысты ұшақпен келген. Ол бірден карантиндік стационарға жатқызылды.

Аталған азаматтардың барлығынан зертханалық сынамалар алынып, диагноз нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

07.04.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 32 адам анықталды.

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT