Атырау облысында 224 адам қайта вакцинацияланды

«Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың жетекшілігімен эпидемиологиялық ахуал және вакцинация, ревакцинация мәселелері талқыланған жиын өтті» - деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Селекторлық отырысқа аудан әкімдері мен облыстың бас дәрігерлері қатысты. Өңірде тұмаудың өршіп, эпид-ахуалдың күрделенуіне байланысты, жиын төрағасы Бақытгүл Хаменова жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, ревакцинация жөнінде кеңінен түсінік жұмыстарын жүргізіп, қайта вакцинациялауға жататын тұрғындар санын нақтылауды тапсырды.

- Қазір ерекше амикрон штаммы таралып жатыр. Соңғы мәліметтерге сәйкес, бұл әрбір елге де келуі ықтимал. Біз күтпеген дельта штаммы да Атырауға келіп, көп адамның өмірін алып кеткен болатын. - Дерт дендеген уақытта осыдан 9-10 ай бұрын екпе алдық. Алайда, жарты жыл уақыт ішінде адам бойындағы иммунитет әлсірейді. Сондықтан, қайтадан екпе алу керек. Бұл – ревакцинация деп аталады – деді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521