Атырау облысы «сары аймаққа» енді

Денсаулық сақтау басқармасы Теңіз кенішінің стационарында науқастар санының артуына байланысты қосымша мамандар жіберуге шешім қабылдады, деп хабарлайды ATPress.kz

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Теңіз кен орнындағы 315 орындық инфекциялық стационарда 15 маман жұмыс істеуде. Бүгінгі күні мұнда 111 науқас ем қабылдауда. Осылайша стационар жүктемесі 35,2% құрап отыр.

Денсаулық сақтау басқармасы бүгін Теңіз кен орнына қосымша 8 маманды жіберуге шешім қабылдады. Оның ішінде 2 дәрігер, 2 мейіргер және 4 санитар бар. Айта кетейік, қараша айынан бастап Теңіз кен орнында коронавирус инфекциясын жұқтырған 140 жағдай тіркелді. Оның 71-і соңғы 4 тәулікте тіркеліп отыр.

Қазіргі уақытта Атырау облысы коронавирус індетінің таралуы бойынша сары аймаққа өтті.

ATPress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521