Атырау облыстық ауруханасында күрделі оталар жасалады

Атырау облыстық ауруханасы инфекциялық орындар санын азайтып, жоспарлы емдеу шараларына дайындалып жатыр. Қазіргі уақытта ауруханада таза аймақ жасақталуда - деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

«Ендігі кезекте хирургиялық, неврологиялық, оңалтуды қажет ететін бейінді науқастарды емдеп бастаймыз. Тамыз айының ортасында күрделі оталарды аурухана шеңберінде жасауды жоспарлаудамыз» дейді Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Ербол Иманғалиев.

Айта кету керек, Атырау облыстық ауруханасы шілде айының басынан бері 400 кереуеттік инфекциялық стационар ретінде жұмыс жасады. Қазіргі таңда мұнда науқастардың саны азайды. «Бұрын қабылдау бөлімшесіне тәулігіне инфекциялық аурумен 60-қа жуық науқас түсетін. Қазір тәулігіне 15-ке дейін науқас қабылдаудамыз.

Бүгінгі күні инфекциялық стационарда ем қабылдап жатқан 137 науқас бар. Енді тамыз айынан бастап 200 кереуетке жоспарлы түрде емделетін науқастарды қабылдауға дайындалудамыз»- деді Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Ербол Иманғалиев.⠀

Сурет:дереккөз

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика