А.Цой: Індеттің екінші толқынына барынша дайын болу керек

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың екінші толқынына дайындық шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Көрші елдерде ауруға шалдығу деңгейі көтеріліп жатыр. Әсіресе, Еуропа аймағында және ТМД елдерінде науқастардың саны көбейіп келеді. Бізде жағдай тұрақты. Соған қарамастан, төсек орындарын жасақтап, дәрі-дәрмекті алып жатырмыз. Бетперде және басқа да жеке қорғаныс құралдары бар. Бұның бәрі қорда жинақталып тұруы қажет. Біз екінші толқынға дайындалып жатырмыз. Әрине, оның болмағаны жақсы", - деді Цой журналистерге берген сұқбатында.

Министрдің айтуынша, екінші толқынның алдын алу үшін бетперде тағу мен арақашықтықты сақтау маңызды. Себебі бетперде вирусты жұқтыру қаупін 30 процентке азайтса, арақашық сақтаудың арқасында осы көрсеткішті тағы 40 процентке төмендетуге болады. "Өкінішке қарай, адамдар қоғамдық жерлерде, әсіресе, халық көп жиналатын орындарды маска тақпай жүреді. Осы талаптарды сақтау қажет. Себебі коронавирустың екінші толқыны бола ма, жоқ па, бұның барлығы өзімізге байланысты. Әрбіреуіміз алдағы жағдайға әсер ете аламыз", - деп атап көрсетті Цой.

Оның сөзіне қарағанда, денсаулық сақтау саласы екінші толқынға дайындық шараларын қамтамасыз етіп, түсіндіру жұмыстарын атқара алады. Қалғаны халыққа байланысты.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика