19 желтоқсан күні кеші сағат 19:30 шамасында балалар ауруханасының қабылдау бөліміне ес-түссіз, ауыр хәлде 2009 жылғы ер бала жеткізілді.
Баланы жедел жансақтау бөліміне жіберіп, асқазанын тазалаған. "Бала бір сағат шамасында есін жиып, жан-жағын тани бастады. Келесі күні науқас педиатрия бөліміне ауыстырылды. Баланың айтуынша, сабақтан шыққан соң 7-8 энергетикалық кәмпитті сатып алып, бірден жеп қойған. Содан кейін ол өзін жайсыз сезінген. Әрі қарай не болғанын айта алмады. Қазіргі баланың жағдайы жақсы, үйіне жіберілді" - деді басқарма.
Дереккөз: tengrinews.kz