Жетпіс мың теңге де жүйкеге тиіп тұр

Әне-міне дегенше жаз айы да өте шықты. Енді ата-аналар балаларының мектепке әзірлігін қамдап, оқу-құрал, киім-кешектерін түгендеумен әуре. Жалпы биыл ауданда 6432 оқушы мектепке барады.

Иә, ешкім баласының қатардан қалғанын қаламайды. Сол үшін де ауылдағы ағайын жалғыз сиырын сатса да намысқа тырысып, базар барлайды. Осы орайда, біз екі баласы мектепке баратын И.Мырзағалиеваны жолықтырдық.

-Бәрі жайлап-жайлап жыл сайын қымбаттап жатыр. Балаларыма жібі салбыраған арзан киім алып бергім келмейді, барынша сапалысын алғанды қалаймын. Сонымен қатар, Атырау қаласындағы «Дина» базарынан алған тиімдірек. Әрқайсына оқу құралы, киімін қоспағанда 70 мың теңге қаржы жұмсалуда. Перзенттерімнің мектепке сақадай сай болып барулары үшін қолымнан келгенді аямаймын. Балаларым ер жеткен сайын талғамы өседі. Бағаның өсіп жатқаны әке-шешенің қалтасына салмақ салатынын несін жасырамыз»,-дейді ол күрсініп.

Б3з халық көп баратын аудан орталығындағы «Талап» базарындағы бағаларға көз жүгіртіп көрдік. Мысалы, 4 сынып оқушысына костюм 6000-8000 теңге көлемінде. Ал сапасы жоғарылау киімдерді таңдасаңыз бағасы да қымбаттау болады. Бұл тек костюмнің бағасы. Оған ақ жейде, аяқ киім, сумка, іш-киім, т.б. қосылады. Жейде 4 мыңнан 8 мың теңгеге дейін, туфли 3000-7000, сөмке 3000-6500, спорттық аяқ киім 3000-нан бастап, спорттық костюмдер 5000-нан басталады. Яғни, киімнің бағасы баланың киім мөлшері мен матаның сапасына байланысты. Мәселен, 28,30,32 киім мөлшерінің құны 6000 болса, жоғары сынып оқушыларға, яғни, 38-40 мөлшерлер 10000-нан жоғарыға шарықтай береді.

Дегенменде мемлекет тарапынан да қамқорлық жасалып жатыр. Соның бірі  «Мектепке жол» акциясы.  Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке бармай қалуының алдын алу. Игі шара барысында көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, киім-кешек, мектеп керек-жарақтарымен және кеңсе тауарларымен толық қамтамасыз етіледі.
Аудандық білім бөлімінің мәліметі бойынша биыл көмекке мұқтаж 782 баланың тізімі жасалған. Бүгінге дейін 15 балаға демеушілер тарапынан және 405 оқушыға жалпыға бірдей оқу қорынан көмек көрсетіледі. Осылайша жылдан-жылға акцияның ауқымы кеңейіп, тұрақты демеушілер қатары артып келеді. Бұл реттегі көмек биылғы жылда да сәтті жалғасын таппақ. Мемлекет басшысының тапсырмасымен көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсаты көзделіп, акция «Жүректен-жүрекке» ұранымен 30 қыркүйекке дейін жалғасатын болады.  

Қайткенде де әркім үшін үміт еткен көзінің нұры – баланы оқыту міндет. Ал оқығанды тоқып, жақсы азамат болып қалыптасу киімнен емес, ақылдан болса кеерк. Дегенмен бір баланың керек-жарағы үшін қажетті 70 мың теңгеде жүйкеге едәуір салмақ екені сөзсіз.

Г.ИГІЛІКОВА

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика