Жат ағымға алданба!

Аудандық ішкі саясат және білім беру бөлімдерінің ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтар және дін» тақырыбында аудан мектептерінде оқитын шәкірттердің қатысуымен кездесу өткізілді.

Кездесуге «Шапағат» деструкивті діни ағымдардан жапа шекендерге көмек орталығы мен облыстық діни ақпараттық түсіндіру тобының өкілдері арнайы қатысып, өз салалары бойынша түсінік берді. Мамандар мектеп шәкірттерінің жат қылықтардан аулақ болып, тек қана білім алуға ұмтылу қажеттігін түсіндіріп өтті.

Алғаш болып сөз алған аудандық ішкі саясат бөілімінің басшысы Анаргүл Дюсубалиева кездесудің маңызына айрықша тоқталса, облыс орталығынан келген топ жетекшісі Ислам Мұхамет зайырлы қоғам қалыптасқан мемлекетте шәкірттердің еш алаңсыз білім алуына жағдай жасалғанын, жат ағым жетегінде кеткен жандарды кері қайтару жолында жасалып жатқан жұмыстар жайын баяндады.

Жалпы бізде бір аумақта тұрып ортақ мәдениетке, өздерін біртұтас санайтын адамдар толыққанды қоғам құрайды. Қоғамның рухани әлеуметтік өркениетті дамуына серпін беретін бірден-бір құрал ол –білім,–деді Ислам Мұхаметұлы.

Шарада топтың мүшесі, психолог Фатима Самирова, «Шапағат» деструкивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы Ерлан Сағынов сөйлеп, өз салалары бойынша қосымша түсінік беріп өтті.

Ал, аудандық білім бөлімінің әдіскері Тұрсынай Әренова аудандағы білім беру мекемелерінде білім берумен қатар, тәрбиелік маңызы зор шаралар жиі өткізіліп отыратынын жеткізді.

Индербор кентіндегі Шоқан Уәлиханов, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, «Көктем» қазақ орта мектептерінен жиналған 150-ге жуық шәкірт арасында сауал қоюшылар аз болмады. Олар діни наным тұрғысында және ораза ұстау тәртібі төңірегінде өз сауалдарын қойды.

– Бүгінгі шарада теолог мамандармен кездесе отырып, өзімізге қарасты және болашағымызға қарасты сұрақтарға жауап алдық, – дейді Ш.Уәлиханов орта мектебінің 9 ә сынып оқушысы Нұргүл Сатыбалдиева өз сөзінде.

Жалпы мұндай кездесулерді аудан көлеміндегі барлық мектептерде өткізу жоспарланып отыр.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT