Жастар жазда білім алуда

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында Қазақстанның Республикасының Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Ақмола облысының «Зерен» демалыс орталығында республикалық жазғы жастардың білім беру лагері өтті.

Оған жастар ұйымдарының көшбасшылары, жастар ресурстық орталықтарының мамандары, кәсіпкерлер мен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары қатысса, олардың арасында аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Жадыра Нариманова да бар. Маманның өзімен тілдесіп көргенде:

–Жалпы республикалық жазғы жастар білім беру лагері үш тақырыптық ауысымда өткізіледі. Алғашқысы "digital-ұрпақ" деп аталады. Мұнда еліміздің барлық өңірлерінен келген жастарға сандық заманауи озық технологиялармен жұмыс жайлы дәрістер оқылды. Екінші ауысым - "жаңғыру трендтері". Бұл кезең мемлекет басшысының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласына арналса,  "Бизнес сиқыры" деп аталатын соңғы ауысым жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуды көздейді. Мен аталмыш лагерьдің бірінші маусымының қатысушы болдым. Шараға ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев, Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Нұргүл Мауберлинова, Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин жəне «Казконтент» АҚ Басқарма төрағасы Евгений Кочетов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Бес күнді құраған лагерь жұмысы барысында «100 жаңа есім» жобасының 6 жеңімпазы бізбен бірге болып, тәжірибесімен бөлісті. Дәл сол мотивациямен жастар 4 күні Бурабайға саяхат жасады. Қазақ даласындағы ерекше сұлу, мейлінше көрікті мекен Көкше өңірінің әсем табиғаты расымен де, бір көргеннен-ақ баурап алады. Лагерь қатысушылары талайға бір көру арман болған Көкшенің сыңсыған сұлу қарағайлы-қайыңды орманы, Көкше шоқылары, аңыз болған Жұмбақтас, атақты Абылайхан алаңы, Оқжетпес шыңының тариxымен танысып, өз көздерімен куә болды. Мұның барлығы жастарға керемет әсер қалдырғаны сөзсіз. Лагерьден алған әсерімді айта келе, бұл 5 күн маған не берді деген сауалға көшсем... Ең алдымен, заманауи Қазақстандағы ІТ саласы бойынша білімімді жетілдіріп, жаңа достар таптым. Осындай білім беру лагерьлерінің жұмысы аясындажастарымыздың рухани жан дүниесі, білімі мен білігі, көзқарасы мен көңіл көкжиегі кеңіп, зымыраған жүйрік заманның жетегіне ілесіп көштен қалмайтын, көптен озатын бір шоғыр білімді жастар көбейеді деп сенемін, - дейді әңгімесінде.

Д.АЙБАР.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика