"Жас сарбаздар" сап түзеді

«Жас сарбаз» сыныптары арасында өткен облыстық біріншілікте аудан намысын Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 6 «а» орыс сыныбының оқушылары қорғап, мықтылықтарын көрсете білді.

Команда құрамында Ади Мұратов, Санжар Аманжол, Вио летта Абляева, Бакдәулет Марат, Муслим Ғибрат, Мадина Түкен, Фатима Талғат, Каусар Манар бек, Санжар Жылқышиев, Алина Кенжеғалиева, Инкар Амангелдиева бақ сынады. Олар саптық дайындық, «АК 74» қаруын бөлшектеп бұзу және жинау, белтемірге тартылу, шалқалап жатып денені көтеру, жалпы әскери қорғаныс толымы, пневматикалық мылтық ату, оқжатарды уақытқа шашып, жинау, «Жас сарбаз» әскери патриоттық сыныбының бір күндік жоспары туралы бейнебаян дайындау бағамдары бойынша сынға түсті.

Өздерінің қайсар мінездерінің арқасында «Жас сарбаз» әскери патриоттық сыныбының бір күндік жұмысы туралы бейнеба ян дайындау сайысында І орын, пневматикалық мылтық ату сайысынан қыздар арасында Фатима Талғат І орын, АК-74 қаруын бөлшектеп бұзу және жинау сайысынан Әди Мұратов І орын, оқжатарды уақытқа жинау сайы сынан Бақдәулет Марат ІІІ орын, командалық саптық дайындықты орындаудан ІІІ орынды еншіледі.

Нәтижесінде оқушыларымыз бейнеролик бағамы бойынша республикаға жолдама алды.

Осы орайда оларды сайысқа дайындаған сынып жетекшісі Әсем Темірболатова мен жетекшісі Жұбандық Бағыттың еңбектерін айта кеткеніміз жөн.

Н.ЖАДЫРА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз