«ЖАС ӨРКЕН» ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

«Жас өркен» балалар жазғы демалыс лагері ашылып, өз жұмысын бастады.

Мерекелік кештің ашылуына қатысқан аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімі басшысының м.а Ш.Сабирова демалушыларға сәттілік тілеп, балалардың демалыс кезеңдерін көтеріңкі көңіл-күйде өткізулеріне тілек білдірді.

-Жазғы лагерь - тек демалыс орны ғана емес, үлкен тәрбие құралы. Сендер бұл жерде жай демалып қана қоймай, әрі денсаулықтарыңды түзеп, қоршаған ортаны танып, еңбекке, достыққа бейімделесіңдер. Туған жерлеріңнің тарихи орындарын көріп-біліп және оның сұлулығын сезініп, жаңа ортада жаңа достар табасыңдар,-дейді.

d

Онда әрі «Болашақ», «Бірлік», «Жұлдыз», «Айбын», «Жасқыран», «Жігерлі жастар», «Мерген», «Жасжұлдыз» деп аталатын жеті команданың жетекшілері топтың аты мен ұрандарын таныстырып, аға тәлімгер Алмат Мусаевқа рапорт тапсырды. Сондай-ақ әннен шашу шашып, мың бұрала бишілер өнері көптің назарына ұсынылды.

 

d Айта кетейік, бұл жазғы мектеп жай жөндеу жұмыстарының уақытында аяқталмауынан сәл кешіктіріліп ашылыпты. Дегенмен де бұл жерде балалар үшін барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ демалыс үйлерінің іші мен сырты әктеліп, жуынатын бөлмедегі раковиналар да ауыстырылыпты және жаңа брусчаткалар төселіп, жарық шамдары да орнатылған. 

dЖыл сайын 1008 бала демалатын лагерьге биылғы жылы жергілікті қазынадан 29 млн. қаржы бөлініп, бес кезең бойынша жұмыс жасайтын болады. Ендеше, сәттілік.

Диас АЙБАР

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика