Жаңа оқу жылында студенттердің шәкіртақысы 20%-ға артады

Алдағы оқу жылынан бастап еліміз бойынша 133 мың студенттің шәкіртақысы өседі. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы ұлғаяды. Атап айтқанда, бакалавриат 20 пайызға артады. Яғни, 31 423 теңгеден 36 660 теңгеге өседі. Магистратура бойынша 15 пайызға артпақ. 76 950 теңгеден 86 987 теңгеге өседі. Сонымен қатар докторанттардың да шәкіртақысы 15 пайызға көбейеді. Қазір 172 500 теңге болса, жаңа оқу жылынан бастап 195 000 теңгеге артады», - деді Қуаныш Ерғалиев министрлікте өткен аппараттық жиналыста.

Оның айтуынша, шәкіртақының өсуі жалпы саны 133 мың студентті қамтиды.

«Алдымызда студенттерді жазғы сессия күтіп тұр. Оқу орындары жазғы сынақты академиялық адалдық принциптеріне сәйкес өткізуі қажет. Сонымен қатар түлектердің дипломдарын уақытылы табыстаған жөн. Сол секілді, ЖОО оқу-әдістемелік құралдары мен нормативтік құжаттарға сай ЖОО-лар жаңа оқу жылына дайындықты 20 тамызға дейін қамтамасыз етуі тиіс», - дейді ол.

Бұған дейін вице-министр ЖОО түлектерін еңбекпен қамту жөніндегі комиссияның жұмысын сынаған еді.

Сондай-ақ, аталған шарада биылғы мемлекеттік гранттың 60 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінетіні айтылды.

inform.kz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

 

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика