Жаңа міндеттер мен жаңғыру бағыттары айқындалды

Бүгін Индер ауданы білім беру қызметкерлерінің «Қазіргі ақиқат жағдайында мұғалімнің қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында дәстүрлі аудандық тамыз кеңесінің пленарлық мәжілісі өтті.

Кеңесте аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Шакимов аталған тақырыпта баяндама жасап, өткен жылдың қорытындысы мен алдағы міндеттерге тоқталды.

Оған қосымша Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Самал Байдешова - «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімнің кәсіби өсуіндегі әдістемелік көмектің рөлі», Гребенщик орта мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлайым Әжібаева - «Рефлеция-педагогтың өзін-өзі тануының өлшемі», аудандық оқушылар шығармашылығы орталығы директорының бұқаралық бөлім меңгерушісі Айнагүл Жанғалиева - «Қосымша білім беру-заман талабы», Аққала орта мектебінің директоры Нұртас Құспанов - «Өзін-өзі тану-ізгілендірілген білім беру парадигмасын іске асырудың қазақстандық моделі» атты хабарламалары тыңдалынды.

Кеңес мәжілісіне қатысқан облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы Байжан Шамұрат аудан мұғалімдерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай келе, осы жылдың негізгі міндеттері мен жаңалықтарын таныстырды.

Соңынан кеңеске қатысушылардың ұсыныстар жобасы қабылданып, одан әрі озаттар мен үздіктерді марапаттау шаралары жүрді.

С.ХАЛЫҚОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT