Жүргеновтің жүлдесі

 

Жақында Алматыдан Индерборға тағы бір жақсы хабар келіп жетті. Осы қаладағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен республикалық «Темірбек Қараұлы Жүргенов» қоғамдық қоры бірлесіп өткізген байқауға индерборлық ақын қыз Асылай Ниязбаева қатысып, екінші дәрежелі дипломды жеңіп алыпты.

Қазақстан мен Орта Азия республикаларындағы оқу-ағарту, мәдениет пен әдебиет саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Т.Қ.Жүргеновтің туғанына 120 жыл толуына байланысты ұйымдастырылған байқауға 18 жас талант өлеңдерін жолдаған екен. Өлеңін бүркеншек атпен жолдаған талапкердің үміті ақталып, осылайша қуанышқа бөленген жайы бар.

-Асылай Қайрошқызы Ниязбаева осы Индербордың тумасы. Қазір Оралдағы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеттің филология факультетінің студенті. Индербордағы ақындар сыныбының түлегі Асылай Ниязбаева  бұдан бұрын Ғ.Жұбанова рухына арналған «Жыр жазамын жүрегіммен» атты республикалық мүшәйрада бірінші орынды жеңіп алған болатын. Сондай-ақ өлеңдері республикалық, облыстық жас ақындар жинақтарына еніп жүр. Ол 2012 жыл оқушылар арасында өткен мүшәйраға қатысып, лауреат атанған болатын. «Мен жастарға сенемін» форумына да қатысты.

«Туған жерге тағзым» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасының жеңімпазы,-дейді ұстазы Камалиден Ізімов  өзінің аудандағы Өнер мектебінде алғашқы түлегі туралы сұрағанымызда. Несі бар, бұл өнерлі жанның жерде қалмайтынының  тағы бір куәсі.

 

С.БИСЕНОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT