ҮМІТТІ АҚТАҒАН ШӘКІРТ

Жуырда Аққала орта мектебінің ұстаздары үшін ғана емес, бүкіл ауылымыз, аудан, облыс, тіпті еліміз үшін қуанышты жаңалық деп айтуға болатын ерекше оқиға болды.

Алматы қаласындағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын қызыл дипломмен тамамдап жатқан мектебіміздің түлегі Зайдолла Тәңірберген Нұрғалиұлы Германияның Дрезден техникалық университетінің магистратурасына қабылданғандығы жөнінде тамаша хабар келді. Тәңірберген мектеп қабырғасында жүрген кезінде де дарынымен даралана отырып, білімде де спортта да жетістік жалауын желбіреткені шындық. Республикалық «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының апталық, айлық, маусымдық ойындарында оза шығып, жылдық ойында да үздік танылған Тәңірбергеннің алда да биік белестерді бағындырарына сенген ұстаздар үміті ақталды.

«Отан отбасынан басталады» демекші, бұл жетістікте әжесі Үмітханым, әкесі Нұрғали мен анасы Нұргүлдің де еңбегі өлшеусіз. Тәңірбергеннің анасы, Аққала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нұргүл Әлиқызы үстіміздегі оқу жылы қорытындысымен мектебіміздің «Жыл мұғалімі» атанса, осы отбасының қызы Нұрдана негізгі мектепті «Үздік аттестатпен» аяқтағанын айта кету керек.

Өнегелі отбасынан алған тағылымды тәрбиесін мектеп ұстаздарынан алған білімімен шыңдай отырып осындай жетістікке жеткен шәкіртімізге тек қана жарқын болашақ тілейміз!

Г.ЕСҚАЛИЕВА,

штаттан тыс тілші

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика