UTEBAYEV UNIVERISTY ДОКТОРАНТТАРЫНА ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАР ЖЕТЕКШІЛІК ЕТЕДІ

Келер жылдан бастап университет докторанттарына канадалық ғалымдар жетекшілік етеді. UTEBAYEV UNIVERSITY базасында өтіп жатқан SPE-2024 техникалық конференциясы мен көрмесі аясында осындай келісім орнады. UTEBAYEV UNIVERSITY канадалық Carbon Connect International Inc компаниясымен  ғылым және білім туралы ынтымақтастықты дамыту жөнінде меморандумға қол қойды.

Меморандумға UTEBAYEV UNIVERSITY Басқарма төрағасы-ректоры Гүлзада Шакуликова және CCI басқарушы серіктесі әрі директоры Дарси Спэди қол қойды. Бұл құжат тараптардың білім беру, ғылыми зерттеулер және студенттердің академиялық ұтқырлығын дамыту саласындағы серіктестігін нығайтуға бағытталған.

- Меморандум аясында қос дипломдық бағдарлама, академиялық ұтқырлық, ғылыми-зерттеу жұмыстар және инновациялық технологияларды дамытып, кең көлемде қолдау табады. Сондай-ақ шетелдік ғалымдармен халықаралық ғылыми конференциялар ұйымдастыру мәселелерін де қолға аламыз, - деді Г.Шакуликова.

Сонымен қатар, канадалық CCI компаниясы UTEBAYEV UNIVERSITY-ге шетелдік ғалымдарды тартып, олар докторанттарға ғылыми жетекшілік ететінін айтты. Сондай-ақ екі тарап бірлесіп ғылыми жарияланымдар дайындап, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізеді.

Бұл меморандум Атырау мұнай және газ университеті мен Carbon Connect International Inc арасында білім беру мен ғылыми ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз. Тараптар ғылым мен білім саласындағы озық тәжірибені енгізу арқылы жаһандық деңгейде өзара тиімді серіктестікті дамытуды көздейді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT