Түрлі мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндерде мекеме басшысына қарауындағы қызметкерлерінен сыйлық алуға қатаң тыйым салынған. Мұндай талап білім беру мекемелері мен балақшаларға да қатысты.
Әсіресе түрлі мерекелердің аясында сынып жетекшісіне немесе мектеп директорына, тәрбиешілерге қолдан ақша жинап сыйлық үлестіруге де рұқсат етілмейді. Бұл бағытта әулеуметтік желілерде әңгімелер қозғалып та жүр.
Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Орынша Ділмұқашева айтуынша, бұл бағытта бөлімге қарасты мекемелерде тиісті түсінік жұмыстары жүргізілген. Әрі мұндай заңбұзушылық фактілері орын алған жағдайда бөлімге қарасты 8 71 234 2-04-20 сенім телефонына қоңырау шалуға болады. Барлық құпиялылық сақталады.
Әлбетте мұндай тосын құбылыстың орын алмауына ең алдымен әр адам өз мүдделі болуы керек. Сонда ғана тәртіп берік сақталады.
С.КӨШЕКОВ
"Дендер"-Ақпарат