Тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы

Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне өтуі бұл салада, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістерді енгізуді талап етіп отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектепке дейінгі тәрбиенің маңыздылығына назар аударып, балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешуді талап етті.

Менің ойымша, бұл елдің болашағы үшін маңызды қадам, себебі балабақшаға бару балалардың дамуына, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға үлкен әсер етеді. Сонымен қатар, тәрбиешілердің мәртебесін арттыру және олардың жалақысын көбейту қажеттілігі аса дұрыс бағыттағы шаралар деп есептеймін. Бұл мамандардың кәсіби деңгейін жоғарылатуға және білім беру сапасын арттыруға зор ықпал етеді деп ойлаймын. Тәрбие мен білім – егіз. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Егемен еліміздің талабына сай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – білімді, жан-жақты тәрбиешілердің еншісінде.

Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы іспеттес. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз.

Жазира Саламатова, «Қызғалдақ» балабақшасының тәрбиешісі.

Жылыой ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521