«Таланттарды анықтау және қолдау орталығы» ашылды

Атырау облыстық білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау орталығы» жұмысын бастады, деп хабарлайды ATPress.kz.

Облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиевтің айтуынша, жаңадан құрылған мемлекеттік мекеме бұған дейін жасалған жұмыстарды алға қарай жаңа бағытпен жалғастыратын болады.

- Орталықтың ашылуы Атырау жұртшылығы, әсіресе оқушылар мен ата-аналар үшін көптен күткен қуаныш болды. Болашақта оқушыларымыз осы орталық арқылы қабілетіне қарай дарыны мен талантын жетілдірсе, бұл өңірдің ғана емес, еліміздің де абыройын асқақтатыны сөзсіз. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты – дарынды балалардың және басқа да мүдделі тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ету. Мамандар осы бағытта жұмыс істеп, ел қуантарлық нәтиже көрсететініне сеніміміз мол, – деді басқарма басшысы.

Республикалық, халықаралық деңгейлердегі жалпы білім беретін пәндер бойынша зияткерлік іс-шараларды ұйымдастырып, өткізу де орталық міндетіне жатады.

Айта кетейік, «Таланттарды анықтау және қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Әбілхайыр Хан даңғылы, 58 мекен-жайында орналасқан.

ATPress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521