Соғылды соңғы қоңырау

Бүгін Индер ауданындағы барлық білім ұяларында соңғы қоңырау үні сыңғырлады.

Аудандағы іргелі білім беру ұйымдарының бірі Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп өздерінің соңғы қоңырау салтанатында жетке жетістіктері мен оқуда оза білімде дара көрінген шәкірттері мен ұстаздарының есімдерін ұлықтаумен бастады. Еліміздің әнұраны асқақтап, мемлекеттік ту ортаға әкелінген соң Эльвира Қонасова, Зергүл Хисметова жеекшілік ететін 11 сынып оқушылары зор қошеметпен ортаға шақырылды. Мектеп директоры Айман Меңдігереев өткен оқу жылына шолу жасады.

         Мектеп директорының айтуынша оқу жылын 1095 оқушы аяқтаса 89 шәкірт 9 сыныпты бітіріп отыр. Шәкірттер арасында 151 шәкірт оқу үздігі, 357 шәкірт оқу екіпіндісі қатарынан көрініп жалпы білім сапасы 53, 3 пайызды құрап отыр. Шәкірттерге білім беруде аянбай тер төгіп жүрген Назерке Бакетова, Гүлдана Мүкиева, Дулат Жапаров, Манарбек Қуанышбеков, Мұрат Төлеген, Жандос Әбдіхалықов сыныды, т.б.  мұғалімдер қауымының есімдерін мақтанышпен атап, бір топ озат оқушының мақтау қағазымен марапатталғанын атап өтті.

         Соңғы қоңырау салтанатымен аудан әкімі Дарын Шамұратов құттықтап өз лебізін білдірді.

-Еңсе тіктеген егемен еліміздің іргетасын бекітудің алғы шарты білім беру ұйымдарында қаланады. Ел тұтқа болар тұлғаларарды тәрибелеуде аянбай еңбек етіп жүрген педагогикалық ұжымға Алғыс білдіремін.Бүгінгі күні соңғы қоңырау үнін ең соңғы рет естіп отырған түлектерге ақ жол тілеймін. Арман қанатында біикке самғап өз мақсаттарына айқын жетулеріңізге тілектеспін. Өздеріңіз таңдаған мамандықтарыңызды игеріп саналы азаматт болып шығатындарыңызға сенемін,-деді аудан басшысы.

Аудан басшысы өз құттықтауынан соң республикалық "Дарын" төсбелгісінің иегері, облыстық, республикалық әскери-патриоттық жарыстарда зор нәтижеге қол жеткізіп жүрген Нұрмухамед Қабышевке Астана қаласында армиялық кеңестің төсбелгісін табыс етті.

Мектеп бітіргелі тұрған түлектерың ата-аналары атынан Ляззат Хайырлиева, түлектер атынан Әсем Қалғанова сөзйлеп өздеріне тәлім-тәрбие берген алтын ұя мектебіне өз алғыстарын жеткізді.

Білімнің алтын кілтін республикалық «Ақберен» байқауының жүлдегері Аяулым Сафуан өздерінің ізгілікті долдарын жалғар кейінгі толқынға сенім білдірген 10 сынып оқушысы Альбина Төлегенге аманаттады.

Көпшілік асыға күткен соңғы қоңырау соғу салтанатын 11 ә сынып оқушысы Қуаныш Ербол мен 1 а орыс сыныбының оқушысы Назира Серік ие боды.

Міне жаз айының алғашқы кнімен ақ тұспа тұс келген салтанатты шара халықаралық балалар күнімен өз жалғасын тапты.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521