Биыл жоғарғы сынып оқушыларының бес күндік далалық оқу-жаттығу жиыны Бөдене ауылы маңындағы тоғай ішінде өтті.
Салтанатты ашылу шарасында Индер ауданы әкімінің орынбасары Д.Шамұратов қатысып, дәстүрлі оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – Қазақстан Қарулы Күштердің мәртебесін арттыру, жастарды патриоттық рухқа, отансүйгіштікке тәрбиелеу екендігін атап өтсе, «Ел сана» руханият клубының төрағасы Н.Ермұханов ата-бабаларымыздың кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған ерліктерінен баян етті.
Салтанатты шарада ауданның барлық орта мектептерінің 10 сынып оқушылары мен көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің 2 курс студенттерінен құралған сарбаздар саптық дайындық, қолма-қол ұрыс түрлерінен өнер көрсетті. Далалық оқу-жаттығу жиыны лагерінің жетекшісі, аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Талғат Қарасаевтың айтуынша, болашақ сарбаздар 5 күндік далалық оқу-жаттығу жиыны барысында саптық дайындықпен қатар, әскери жорық, қорғаныс түрлері, тактикалық жаттығу сынды әскери өнерді меңгеру бағытында шыңдалғанын атап өтті.
Толығырақ «Dender» газетінде