Сапаны арттыруға арналған ынтымақтастық

Қазіргі заманғы жоғары білім беру уақыттың талаптарына белсенді жауап беріп, еңбек нарығының өзгеріп жатқан сұраныстарына бейімделуі және білім беру процесіне инновациялық тәсілдерді енгізуі тиіс. Жоғары білім саласындағы ынтымақтастық тек оқу орындарының беделін арттырып қана қоймай, экономика мен қоғамның дамуына да елеулі үлес қосады. 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы былай деп атап өтті: «Үкімет жоғары білімді интернационализациялауды жүзеге асырып жатыр – елге шетелдің 23 беделді университеті тартылды. Олардың жұмысына, соның ішінде мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты кезең-кезеңімен кеңейту арқылы жан-жақты қолдау көрсету қажет». Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Үкіметтері арасындағы келісім негізінде Ресей Федерациясының Ғылым және жоғары білім министрлігі бұйрық шығарды. Бұл бұйрық екі ел арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуда маңызды қадам болып табылады. Осыған сәйкес С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында И.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің (ұлттық зерттеу университеті) филиалы ашылды. Филиалдың ашылуы мұнай-газ секторы саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлауға ғана емес, ғылыми зерттеулерді тереңдетуге және осы екі ел үшін маңызды салада инновациялық технологияларды дамытуға ықпал етеді. Филиал Қазақстан мен басқа да елдердің студенттері үшін тартымды орталыққа айналады деп күтілуде. Бұл студенттерге сапалы білім алуға, жоғары деңгейдегі оқыту стандарттарына және заманауи әдістемелерге негізделген практикалық оқытуға қол жеткізу мүмкіндігін береді. Біз білім беру саласындағы ынтымақтастықтың үздік дәстүрлері мен инновацияларға негізделуі Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ жастар үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға негіз болады деп сенеміз. И.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің Атыраудағы филиалы келесі мамандықтар бойынша білім береді: «Газмұнайқұбырлары мен газмұнайқоймаларын салу және пайдалану», «Мұнай-газ технологиялары», «Мұнай және газ табиғи резервуарларын геологиялық модельдеу». Бұл бағдарламалар уәкілетті органның лицензиясымен бекітілген. Филиалда қазақстандық студенттерге И.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің және жергілікті С.Өтебаев атындағы мұнай және газ университетінің ғалымдары білім береді. Оқу процесі «2х2» схемасы бойынша ұйымдастырылады, яғни студенттер қос диплом алады (И.Губкин атындағы университеттің және С.Өтебаев атындағы Атырау университетінің дипломдары). Бұл түлектер үшін кең мүмкіндіктер ашатын негізгі артықшылық. Біз жетекші компаниялармен және ғылыми мекемелермен белсенді ынтымақтастықтамыз, бұл тағылымдамалар мен тәжірибе алмасу үшін қосымша мүмкіндіктер жасайды. Студенттер заманауи әдістер мен ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін қолдана отырып, нақты жобаларға қатыса алады. Сонымен қатар, филиалда білім беру мәдениаралық өзара іс-қимылға және soft skills дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл халықаралық ортада жұмыс істеу үшін маңызды аспект болып табылады. Біз тек мамандарды ғана емес, сонымен қатар Қазақстанда және одан тыс жерлерде энергетика саласының дамуына елеулі үлес қоса алатын шынайы көшбасшыларды дайындаймыз. Гүлзада ШАКУЛИКОВА, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің басқарма төрағасы-ректоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT