ҚУҒАНЫМЫЗ АЛТЫН, ҰҚҚАНЫМЫЗ ҚАЙСЫ

Соңғы жылдары ауданымызда мектеп бітіруші түлектер арасында «Алтын белгі» иегері атанушылардың саны күрт өсіп келеді.

Мәселен, 2017 жылы – 8, 2018 жылы – 12, 2019 жылы - 14 түлек алтын алған екен. Алайда сапасы көңіл көншітпейді. Аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Орынша Ділмұқашеваның айтуынша, биыл «Алтын белгі» алған 14 оқушының 1-уі Бөдене орта мектебі 26 ұпай (шығармашылық таңдаған), екіншісі Жамбыл орта мектебі 47 ұпай алып, шектік балл жинай алмаса, М.Әуезов, Аққала, Есбол, Махамбет, М.Сиранов, Жамбыл, Б.Нысанбаев атындағы орта мектебінің 100-ден төмен ұпай жинаған екен. Бұл «Алтын белгі» иегерлерінің өз білімдерін тиісті деңгейде қорғай алмағандықтарының дәлелі.

Бұған қоса, «Үздік аттестат» алған 11 оқушының 3-еуі шектік деңгейге жете алмауы да, ойланарлық жағдай. Бұл көрсеткіштерге қарап, мектептегі білімнің қаншалықты деңгейде екенін аңғаруға болады. Қуғанымыз алтын, ұққанымыз қайсы сонда.

«Дендер»-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT