"Қазақ халқы-Абайдың халқы"

Өркениетті елдердің барлығы да алдымен өздерінің танымал тұлғалары, данышпандарымен мақтанады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз мұны мақаласында өте орынды атап көрсетіп отыр. Біздің халқымыз да Абайдың ғибратты ғұмыры мен оның шынайы шындықтан тұратын, ғасырлар өтсе де маңызын жоймай, қайта жарқырай көрініп, бүкіл адамзаттың мұрасына айналған шығармашылығын терең меңгеріп, ұрпағына үлгі етсе еш ұтылмас еді.

Әр отбасында бір домбыра демекші. әр төрде Абай мен оның шығармалары, М.Әуезовтың "Абай жолы" романы тұрса несі айып. Қайта ұрпағымыздың дәрежесін биіктетіп, Абайдың сара жолын таңдаған, жалғастырғаннан артық құнды тәрбие, тағылым болар ма. Жасыратын несі бар, Президент өте орынды айтып отыр, әлемде озық әдебиеттің жемісі бағаланған М.Әуезовтың "Абай жолы" мен данышпан шығармаларын өзіміз де терең меңгермей, өзгелерге де әлі толық таныта алмай келеміз. Оған бір-бірден күнәлі өзіміз екенін де жасырудың реті жоқ.

"Нағыз Абайды, ақын Абайды тану үшін оның өлеңдері мен қара сөздерінде айтылған ой-тұжырымдардың мән-маңызы ашылуы керек. Ол әлемнің кең таралған негізгі тілдеріне барлық бояуын сақтай отырып аударылуы тиіс. Бұған біз толық қол жеткізе алдық деп айту қиын" деп Президент ондай деңгейге біздің мамандарымыз бен аудармашылармыздың да дәрежелері жетпей отырғанын атап көрсетеді. Мұның өзі осы бағытта білімді ұрпақ, өз ісін жетік білетін маман тәрбиелеуіміздің қажеттігін анық көрсете түседі. Алтауды ала етіп, ауыздағыны кетірген бейғамдықтан арылуымыз қажет-ақ.

Абайдың 175 жылдық мерейтойының бізге оқытып отырған басты сабағы, тағылымы да осы екенін біз бүгінде айқын аңғарып отырған жайымыз бар. Біздің М.Сиранов атындағы орта мектебі ақынның 150 жылдығында "Абай дана, Абай дара қазақта" деп үлкен де маңызды шараларды қолға алып, ұйымдастырған едік. Бүгінде оған бір ширек ғасыр уақыт өтсе де ол кезеңмен осы мерейтойдың мәні, ұрпақ санасы, еліміздің өсу деңгейін қарағанда арасы жер мен көктей болып кеткендей көрінеді.

Шынында да басқа елдер бізді "Қазақ халқы -Абайдың халқы" деп құрметтесе қандай жарасымды. Абай мұрасы біздің ұлтымыздың айрандай ұйып, елдігіміздің одан әрі нығая түсуіне қызмет етуіне баршамыздың бір кісідей жұмыс істеп, Мемлекет басшысының бастамасына іспен жауап беретін кез келді,ағайын.

Гүлжан ҚАУАШЕВА,

Қазақстан білім беру ісінің үздігі.

Атырау қаласы.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика