Қарттар шәкірттерге қара сөзден дәріс берді

 Жарсуаттағы аға буын өкілдері өздерінің ұл-қыз, немере-жиен, шөберелері оқып жатқан Махамбет атындағы орта мектепке келіп, «Абайдың қара сөздері-халық мұрасы» атты шара өткізді.

Осылайша мемлекеттік қызметтің ардагері Талғат Тасқарин басқаратын ауылдық ардагерлер кеңесі ұлы Абайдың 175 жылдығын лайықты атап өтуге бастама көтеріп, өздерінің үлестерін қосуды ұйғарыпты. Атап айтқанда, олар жыл бойына данышпан Абайдың 45 қара сөзіндегі көтерілген танымдық, тәрбиелік, еңбексүйгіштік, имандылық тақырыптарын ұрпақтарына отбасында ғана емес, білім ұясына да ұдайы келіп, насихаттап отыруды қолға алған.

-Бұл кездесуде Абай еңбегіндегі бесінші, жетінші, сегізінші, он төрт, он бесінші, он тоғыз және жиырма тоғызыншы қара сөздеріндегі ойларын сөз еттім. Менің сөзімді еңбек ардагерлері Қуаныш Хамзин, Мағзом Тұрғанов, Молдабай Берғалиев, Серікқали Шыңғалиев, Сәрсенбай Дәуітбаев, Бағыт Орынбасарова, Сара Әбдірова сынды әріптестерім де толықтырып, өз ойларын нақты мысалдармен ортаға салды. Жастарды өнер-білімге, адалдық пен имандылыққа баулуда қара сөздердің мағынасы өте жоғары. Сондықтан да бұл істі біз тұрақты жүргізуді ұйғарып отырмыз,-деді төраға Талғат Сүндетұлы.

Қарттар ойын тәжірибелі ұстаздар Қоныс Жаналисов пен Амантай Бақыт та іліп әкетіп, алдымен шәкірттердің қара сөздерімен жіті танысып, ондағы көтерілген әрбір тақырыпты бүгінгі өмірмен байланыстырудың маңыздылығын сөз етті.

Ал жоғары сынып оқушылары Гүлнұр Рахметова, Гүлжанат Жанатова, Гүлжанар Спанова, Гүлжібек Атшыбаева қара сөздердегі өздері оқыған тұстардан түйген ойларын ортаға салып, үлкендерді қуанышқа бөлеген. Осылайша үлкендер мен шәкірттер бір арнада тоғысқан сан пікірлерін жинақтай келе Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін қосыла айтып, тағлымды шараны қорытындылаған.

Сол сияқты мектепке келген ардагерлер Абай еңбектерінен ұйымдастырылған кітап көрмесін аралап, көрнекіліктермен танысып, шәкірттері мен ұстаздарға сапалы білім мен саналы тәрбие алып, өмірге бір кірпіш болып қалануға тілектерін қосып тарасыпты.

С.ХАЛЫҚОВ.

Жарсуат ауылы.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика