Педагогтардың жалақысы сот арқылы өндірілмек

Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы мүшелерінің қатысуымен өткен жиында төтенше жағдай кезінде Атырау қаласы бойынша мектепке дейінгі білім беру мекемесі педагогтарының жалақысына қатысты шешілмей отырған мәселе туралы айтылды.

- Атырау қаласы бойынша мектепке дейінгі білім беру мекемесі педагогтарының сәуір-мамыр айларында ең төменгі мөлшердегі еңбекақы төлеп, демалысқа жіберілген жалақылары қайта есептеліп, айырмашылығы төленуі тиіс болатын. Алайда тек мамыр айының ғана қаражаты қайта есептеліп, берілетін болды. Енді сәуір айының қаражатын сот арқылы өндіріп алуға тиіс болып отырмыз, - дейді «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Қылышбай СҮНДЕТҰЛЫ.

– Сол кезеңде білім беру ұйымдарында қашықтан оқыту ұйымдастырылды. Мұғалімдер жұмыспен қамтылып, толық жалақы алды. Ал мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының қызметкерлері, мектептің техникалық қызметкерлері жұмыссыз қалды. Бұл орайда облыстық білім беру басқармасы мен біздің ұйым арасында 2018-2020 жылдарға жасалған Әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің 6.24. тармағына сәйкес «жұмыстың жұмысшы кінәсынан болмай тоқтап тұрған күндері үшін қызметкерлерге, көтермелер, қосымша және үстеме ақыларсыз, ағымдағы жалақы мөлшерінде ақы төленеді»,- делінген.

Алайда аталған талап сақталмай отыр.

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген автор

azh.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521