Оқушылар оффлайнға көшті

Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сай осы уақытқа дейін қашықтан білім алып келген 5, 9, 11 сыныптың оқушылары мектепке қайта оралды.

Әдеттегідей білім ошағының мейірбекесі кіреберістен оқушылардың дене қызуын өлшеп, қолын антисептикпен залалсыздандыруда. Қажет жағдайда, балалар бетпердемен қамтамасыз етіледі.

Айталық, сабақтың ұзақтығы 45 минут емес, әзірге 40 минут болса, сабақ арасындағы үзіліс 10-15 минут етіп белгіленді.

Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлайым Жаңбырбаеваның айтуынша, аудандағы 15 білім ордасында барлығы 6169 оқушы білім алады. Үшінші тоқсанда ата-аналарының өтініші негізінде 5 сынып бойынша 424-кезекші, 135-онлайн, 9-сынып бойынша 423 оқушы-аралас форматта, 55-і онлайн, ал 11 сыныптың 295-і-аралас форматта, 14-і-онлайн негізде білім алуда. Ал М.Мөңкеұлы мен Ә.Кекілбайұлы атындағы орта мектептің оқушылары штаттық режимге көшті.

Дәстүрлі білім алып жатырған бітіруші сыныптар оффлайн өтетін сабақ кестесіне орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы секілді аса қажетті пәндер кіреді. Бұл оқыту пәндерінің 70 %-ын құрайды. Ал информатика, өзін-өзі тану, дене шынықтыру, құқық негізі, алғашқы әскери технологиялық дайындық пәндері қашықтан оқытылады.

Осылайша облыстық бас санитардың қаулысына сәйкес үшінші тоқсанда бесінші, тоғызыншы және мектеп бітіруші сыныптың оқушылары оффлайн режиміне толықтай өтті. Бұл шаралардың бітіруші түлектердің емтихандар мен ҰБТ-ға тиісті деңгейде дайындалуына жағдай жасау үшін қабылданып отыр.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT