Өңірде бір сыныпта 25 оқушының сабаққа қатысуына рұқсат берілді

Атырау облысында бір сыныпта 25 оқушының сабаққа қатысуына рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Атырау облысының бас санитар дәрігері Мәдиниет Танауовтың жаңа қаулысында айтылған.

«2021 жылдың 9 наурызынан бастап жалпы білім беретін мектептерде мектепалды даярлық сыныптарын, 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейін қоса алғанда, сыныптарда 25 баладан аспайтын бала санымен аралас форматта оқытуға рұқсат етілсін», делінген құжатта.

Сондай-ақ, оқу бітіретін сыныптар үшін (9, 11 (12) сыныптар) аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқытуға: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, 1 сынып – 1 кабинет қағидаты бойынша оқыту, санитариялық- дезинфекциялық режимді, бетперде кию режимін сақтау), арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың) қызметіне рұқсат берілді.

Жаңа қаулы 2021 жылғы 9 наурызда сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енді.

inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT