Министр оқушылар 11 мамырдан кейін қалай оқитынын айтты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов карантин аяқталған соң оқушылар қалай оқитынын айтты.

«Президент айтқандай, мектеп, колледж, университеттер қашықтан жұмысын жалғастыра береді. Қашықтан жұмыс істеп келе жатқанымызға үш апта болды. Осылай жұмыс істеуге үйреніп қалдық. Бастапқыда туындаған сұрақтар қазір жоқ. Процесс жүріп жатыр және бұған қатысты үлкен мәселе жоқ», – деді министр тікелей эфир барысында.

Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов оқу жылы қашан аяқталатынын айтты.

«Оқу жылын кесте бойынша аяқтаймыз. 25 мамырда орта білім беру мекемелерінің бәрінде оқу жылы аяқталады», – деді ол. Еске сала кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасап, төтенше жағдай режимі биылғы 11 мамырға дейін жалғасатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика