Мектеп оқушылары 6 сәуірден бастап «Еларна» мен «Балапан» телеарналары арқылы қашықтан оқиды – Дәурен Абаев

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 6 сәуірден бастап мектептер қашықтан оқуға көшетінін айтты.

«2020 жылдың 6 сәуірінен бастап қазақстандық мектептер қашықтан оқытуға көшеді. Қазір Білім және ғылым министрлігі ұйымдастыру тетіктерін пысықтауда. Бұл жөніндегі барлық жаңалықтарды жақын уақытта хабарлаймыз. Сондықтан түсіністік танытып, ресми мәлімдемені күтуді сұраймыз. Қазір мектептер мен мұғалімдерді сұрақтың астына алып, айыптаудың реті жоқ. Бұл мәселе Үкіметтің құзыретінде. Біз барлығын алдына ала хабарлаймыз», – деді Дәурен Абаев.

Министрдің айтуынша, осыған орай қосымша шара ретінде «Еларна» мен «Балапан» телеарналарынан оқушыларға арналған видео сабақтар көрсетіледі.«Бірақ, бұл – негізгі емес, қосымша шара. Осыны қайталап айтқым келеді. Аталған видео сабақтарды Білім және ғылым министрлігі дайындаған.

Олар «Балапан» телеарнасында қазақ тілінде, ал «Еларнада» орыс тілінде көрсетіледі», – деді министр.

aikyn.kz

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика