Жақында «Bilim Media Group» ЖШС білім беру саласын цифрландыру көрсеткіштері бойынша республикалық байқауды қорытындылады.
«OnlineMektep» сервисі және қашықтан оқыту технологиясы арқылы елімізде онлайн білім беру саласын дамыту және білім сапасын арттыру мақсатындағы «Үздік әдіскер-2020» байқауына қатысып, талаптарын тиянақты орындаған, аудандық білім бөлімінің физика, математика, информатика пәндерінің әдіскері Төремұратова Мейрамгүл Құрметқызы жүлделі ІІ орын және 150 000 теңгенің сертификатымен марапатталды.
Айталық, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарынан қатысқан әдіскерлер білім беру сайты www.onlinemektep.org арқылы өз аймағы бойынша құрылған BilimLand және «Менің сабақтарым» атты сабақты оқушылардың орындағаны, оқушы орындаған және мұғалім тексерген үй тапсырмалары мен оқушылар жасаған және мұғалім тексерген ТЖБ/БЖБ санын көрсетті.
Д.АЙБАР