КОЛЛЕДЖ МАҚТАНЫШТАРЫ

Индер көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжінде білім алушы студенттердің қатарында өзге ұлт өкілдері де бар. Солардың қатарында ауыл шаруашылығының тракторист-машинист мамандығын меңгеруді мақсат еткен Жамалуиев Аслан Ризванұлы мен Горшкова Кристина Александрқызын атап өтуге болады.

Шешен ұлтының өкілі Аслан да, орыс қызы Кристина да кенттегі Ш.Уәлиханов орта мектебінің 9 сыныбын аяқтаған соң 2020-2021 оқу жылдары аталған колледжге оқуға түсіпті. Содан бері бір группада білім алатын қос студент оқу орнында өтетін барлық шараларға белсене араласып, оқу да озат көрініп келеді.

-Бізге білім алу үшін үлкен қолдау көрсетілуде. Мектеп қабырғасында жүргенде достарымыз көп болса, бұл жерде де достарымыз көбейіп ынтымағымыз артып отыр. Өзіміз таңдаған мамандықтың қыр-сырын меңгерумен қатар түрлі тақырыптағы семинартренингтерден көп дүние үйреніп жүрміз. Бұның бәрі келешекте Қазақстанымыздың гүлденуіне ө з үлесімізді қосуға септеседі деген үміттемін,-дейді Кристина Горошкова.

Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлфара Әбенованың айтуынша, оқу орнында білім алу үшін барлық жағдай жасалған.

-Аслан мен Кристина да өзге студенттеріміз секілді біздің мақтаныштарымыз. Асланның ата-анасы Ризван мен Евгения да осы колледждің түлектері. Олар қандай ма болмасын жүктелген міндеттерге ұқыпты қарап келеді. Үздік студенттеріміздің алдағы бағындырар белестеріне сәттілікпен жетулеріне тілектеспіз,- дейді ол.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521