«IQanat» олимпиадасы басталды

Бүгін Индер ауданында республикалық «IQanat» олимпиадасының бірінші кезеңі басталды.

Бұл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен қазақстандық кәсіпкерлердің бірлескен жобасы. С.Сейфуллин атындағы орта мектепте өткен салтанатты ашылуында сөз алған «IQanat» қоғамдық қорының Атырау облысы бойынша үйлестірушісі Сәуле Құбашева олимпиаданың ережелерін түсіндіріп, оқушыларға сәттілік тіледі. Олимпиаданың бір ерекшелігі сол - оған тек шалғай елді мекендердің 9-сыныпта оқитын оқушылары ғана қатыса алады. Олар математика, физика, ағылшын және әдебиет пәндерінен сынақ тапсырады. Үш кезеңнен тұратын байқаудың бірінші кезеңінде аудандағы 15 орта білім беретін мектептердің 232 оқушысы өз білімдерін дәлелдейді.

1417

Мәселен, өткен жылы облыс бойынша тіркелген 595 оқушының 177-сі екінші кезеңге өтсе, солардың 27-і жеңімпаз деп танылды. Бұл оқушылар Нұр-сұлтан қаласындағы Назарбаев Университетінде өткен «IQanat» республикалық ауылдық мектеп оқушыларының слетіне қатысып, оның 100 оқушысы 2020 жылы Бурабай қаласында ашылатын «IQanat Kazak-English High School» мектебінде білім алады. Олардың қатарында Атырау облысынан 4 оқушы болса, солардың екеуі, біздің жерлестеріміз Әмина Мұратова (Қ.Есқалиев о/м) мен Алина Төлегенова (Ш.Уәлиханов о/м).

«IQanat» байқауының бірінші кезеңнің қорытындысы 27 қарашада белгілі болады. Ал байқаудың екінші кезеңі 2020 жылдың сәуір айында өтеді деп жоспарлануда. Ол турдан сүрінбей өткендері республикалық кезеңге жолдама алады.

-«IQanat» - бұл жоғарғы сынып оқушыларына арналған шетел және қазақстандық жоғарғы оқу орындарында ақысыз оқуға үміткер болуға үлкен мүмкіндік сыйлайтын маңызды жоба. Еліміздің елдігін сақтайтын білімді жастарымыз «IQanat» олимпиадасы арқылы биік белестерді бағындырарына кәміл сенеміз,-дейді жоба үйлестірушілері.

Диас АЙБАРОВ

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика