Индерлік өнертапқыш кеме үлгілері сайысынан өзін дәлелдеді

Жас өнертапқыш балалардың республикалық жарысы мәресіне жетті. Авто, әуе, зымыран, кеме үлгілерінің барлығы 13 номинациясы бойынша оқушылар өз қолдарымен құрастырған үлгілерін сыннан өткізді. Сайысқа қатысқан облыс командасының негізін Индер және Жылой ауданы командалары құрады.

Кеме үлгілері сайысының F-4-B, F-4-C класы бойынша аудандық шығармашылық мектебінің оқушысы Әлихан Нұрланов 3 орынды жеңіп алды. Биыл Индербордағы «Көктем» қазақ орта мектебінің 6-шы сыныбын аяқтаған Әлихан шығармашылық мектептің «Сұңқар» үйірмесінің мүшесі. Жетекшісі педагог-зерттеуші Асылбек Қоңыровтың айтуынша, шәкірті алдымен облыста озып шыққаннан кейін республикалық сынға дайындықты ширатқан екен.

keme-zhasau

- Біз кеменің двигателін қауқары күштілеуіне ауыстырдық. Әрі оның қозғалыс реттегішіне мән беріп детальдарын жаңаладық. Аталған класс бойынша кеменің маневр жасауына үлкен мән береді. Соған сай ұпай қорын жинау керек. Оған кеме үлгісін құрастырып шығару ғана емес, шәкірттің кеме үлгісін басқару шеберлігі мықты болуы керек. Шәкіртім Әлихан өзінің қолы епті, әрі қызығушылығы жақсы болатын. Ал біз бос уақытымызда шеберлігімізді тынбай шыңдай түстік. Нәтижесі жүлдеге жеткізді, - деді жүлдегер жерлестің жетекшісі Асылбек Сәлімгерейұлын сөзге тартқанымызда.

Сонымен қатар ол шәкіртінің алаңсыз дайындалуына шығармашылық мектептің басшылығымен (Е.Сахипов) қатар аудандық балалар спорт мектебінің директоры М.Биғамбаевтың мүмкіндігінше бар жағдай жасағанына ризашылығын білдіреді.

Саламат Базарбаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT