Индер ауданында биыл 241 түлек ҰБТ тапсыруға ниет білдіруде

Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, білім алушылардың кезекті реті жазғы демалысқа жіберілсе, үлкен өмірге қадам басқалы отырған түлектерді болашақ жолын айқындайтын маңызды білім сынағы күтіп тұр. Егер елімізде эпидемиялық ахуал қалыпты болса, Ұлттық тестілеу сынақтары биыл маусымның 20-сы мен шілденің 5-і аралығында өтетін болады.

Аудандағы он бес білім ұясын биыл 297 оқушы аяқтаса, олардың 241-і ҰБТ тапсыруға ниет білдіріп отыр. Оларға Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп базасында №859 ҰБТ пункті толықтай дайын. Аталмыш пункттің басшысы Сұлтанмұрат Құлшықтың айтуынша, бұл орталықта 9 аудитория және 1-еуі резервте тұрған көрінеді. Сондай-ақ бұл жерде 9 бейнебақылау болса, ол биыл қайта жаңартылудан өтпекші. Себебі 2012 жылы алынған құрылғылар сыр бере бастаған болуы керек. Сонымен бірге 6 (4G), 7 (5G) форматындағы дыбыс өшіргішпен бірге 3 металл іздегіш бар.

Ал биылғы жылдың өзгешелігі бұрынғыдай әр аудиторияға 40 талапкерден емес, 20-15 адамдан отыруға мүмкінідік беріліп отыр. Бұл әрине, елдегі болып жатқан қауіпті вирустан сақтану үшін жасалып жатырған сақтық шаралары. Ал егер де сынақ кезінде COVID-19 вирусына қатысты ахуал ушығып жатса, ҰБТ стандиондарда, ашық аспан асты мен ірі спорт нысандарында өтуі мүмкін.

Айта кетейік, жалпы бұрын тестілеуге кірер алдында қатысушылардан тыйым салынған заттар табылса, оларды тек алып қоюмен шектелетін болса, биылғы тестілеуге кіргізу барысында металл анықтағыштан өткен кезде шпаргалка, құлаққап, смартфон секілді кез келген тыйым салынған затпен ұсталған түлектер тестілеуге жіберілмейді және биыл ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылады.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521