Студенттер осы айдан бастап ұлғайтылған көлемде стипендия алады.
Өткен жылы Мемлекет басшысы үкіметке бакалавриат, магистратура, докторантура мен колледжде оқитындардың шәкіртақысын 25 процентке өсіруді тапсырған болатын.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті: «2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура мен докторантурада оқитын студенттердің стипендиясын 25 процентке өсіру жөнінде шешім қабылдадым. Бұл жалпы 130 мыңға жуық адамды қамтиды».
Мұндай ақпаратты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр жастар жылын қорытындылаған салтанатты жиында айтып өтті.
"Дендер" - Ақпарат