Таяуда Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Сардар» алғашқы әскери дайындық пәнінен облыстық кешенді олимпиада өтті.
Тұңғыш рет өткен бұл сайысқа 8 команда қатысып, екі кезең бойынша сынға түсті. Бірінші кезеңде, яғни теориялық турда олар физика, математика, қазақ, орыс, ағылшын тілі және әскери дайындық пәні бойынша 20 сұрақтан тұратын тестілеуге қатысса, ал практикалық турда алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру бойынша нормативтерді орындады.
Жалпы бұл жарыстың мақсаты - әскери қызметке қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау, әскери білімді насихаттау, олардың шығармашылық қабілетін дамыту, жас ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеу.
Теориялық және практикалық кезеңдер бойынша өзара бақталасқан сайыс нәтижесі бойынша 3000, 100 метрге жүгіруден Әли Серікбай, (Ш.Уәлиханов о/м-жетекшісі Жұбандық Бағыт) екінші, ал Бекзат Дүйсенов (С.Сейфуллин о/м-жетекшісі Жұбандық Бағыт) үшінші орынды еншіледі. Сап түзеген болашақ сардарларымыздың сәтті күндері көп болсын дейміз.
Диас АЙБАР