Биыл бакалавриат пен магистратураға қанша грант бөлінетіні белгілі болды

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды ATPress.kz

- Биылғы мемлекеттік тапсырысты ұйымдастыру бойынша тиісті жұмыстарды атқарып жатырмыз. Жазда бакалавриатқа берілетін грант саны - 51 500, ал магистратураға берілетін гарант саны 13 500-ге жетеді. Грантты алу конкурсына түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуден міндетті түрде өтіп, тапсырылған сертификатты өз еркімен тиісті базаға тіркеп, конкурсқа қатысады. Сонымен қатар, магистратура бойынша да екі жылдан бері біз оны ҰБТ сияқты тестілеу форматында өткіздік. Бұның алдында әр университет өздері билеттерін дайындап, тапсырмаларын әзірлеп, өздері тексеріп, шешім қабылдайтын. Бұнда әртүрлі тәуекелдер болды. Сондықтан біз магистратураға қабылдау рәсімін өзгерттік. Биыл магистратура электронды форматта нақты тестілеудің нәтижесінде, яғни орталықтандырылған тест нәтижесінде өткізіліп, алған балл бойынша грантты алуға мүмкіндігі болады, - деді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар, ҰБТ-ны электронды форматта ұйымдастыруға қатысты пікір білдірді.

- Жалпы, Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгермеді. Тек оны өткізу процедурасы ғана өзгеріп отыр. Бұған дейін тестілеу қағаз нұсқада тапсырылып келді, яғни жауаптарды бояп отыруға уақыт кететін. Енді биылдан бастап электронды ҰБТ-ға көшеміз. Бұл тұрғыда оңтайлы басымдықтар баршылық, - деді министр.

ATPress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT