«AMANAT» партиясы аудандық филиа - лында партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Аталған комиссия төрағасы Әлия Қарашина төрағалық еткен отырыстың күн тәртібінде аудандық білім бөлімінің 2021 жылы атқарған жұмыстары тыңдалды.
-Аудан бойынша мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуде 3-6 жастағы балаларды камту саны – 1848 баламен 100 %, 1-6 жастағы балаларды қамту саны-2160 баламен 73,3% құрап отыр. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қажеттілігі жылдан-жылға артуда. Осыған орай Аққала ауылынан салынуы жопарланған 90 орындық балабақшаның жобалық- сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан былтырғы жылдың 3 шілдесінде шықса, Көктоғай ауылынан салынуы жоспарланған 90 орындық балабақшаның да жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, биылғы тамыз айында мемлекеттік сараптамадан өтеді деп күтілуде. 2021 жылғы қараша-желтоқсан айларында командалық курстан өткен командалық топтың бастауымен мектептерде бірқатар жұмыстар ұйымдастырылды. Команда құрамына мектептің көшбасшы мұғалімдері, мектеп тренерлері, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы мұғалімдері енді,- деді аудандық білім бөлімінің басшысы О.Ділмұқашева.
Отырыс барысында партиялық бақылау комиссия мүшелері тарапынан атқарылған жұмыстарға ұсыныс- пікірлер айтылды.
Өз тілшіміз